Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде(бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

Жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Департаменттің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесіне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).

ҚАЖД  номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

- Департамент аппаратына C-SVО-9 санаты;

- ҚАЖД пробация қызметіне C-SVR-7 санаты;

-ҚАЖ мекемелеріне C-SGU-10 санаты;

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда Департаменттің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесіне хабарласуға болады, анықтама телефоны: 8 (7162) 78-10-90.

 

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

 

 

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД