2026 жылғы 7 қыркүйекте Целиноград ауданының пробация қызметі аудан прокуратурасымен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған адамдар арасында шағын футболдан спорттық турнир ұйымдастырды.
Жарысқа үш команда қатысты. Ойын барысында қатысушылар белсенділік, жоғары спорттық рух, командалық бірлік пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Турнир достық әрі жағымды атмосферада өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, командалық рухты нығайту және пробациялық бақылауда тұрған адамдардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар және естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша үздік қатысушы анықталып, арнайы марапатқа ие болды.
Турнирге белсенді қатысқан барлық ойыншыларға алғыс хаттар табысталды.
Мұндай спорттық іс-шаралар бос уақытты тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және пробациялық бақылауда тұрған адамдардың оң өзгерістерге ұмтылысын арттырып, қоғамға табысты бейімделуіне ықпал етеді.