
Ақмола облысында күш ведомстволарының қызметкерлері арасында шахматтан ауқымды турнир өтті.
Аймақтың ең мықты ойыншыларының сайысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің намысын пробация қызметінің қызметкері қорғады.
60 үздік ойыншы чемпион атағына таласты. Міне, тамаша нәтиже: пробация қызметінің қызметкері Сауран Ерғали құрметті 6-орынды иеленді! Бұл оған жарыстың екінші іріктеу кезеңіне өтуге мүмкіндік берді.
"Біз оның жетістігіне сенеміз және жаңа жеңістер тілейміз! Осындай әріптестерімізді мақтан тұтамыз" - Сауранды жанкүйерлер, әріптестер қолдайды.