
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында №10 мекемеде «Ашық есік күні» өтті
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №10 мекемесінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың отбасылық байланыстарын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты сақтау, сондай-ақ жақындарымен тұрақты байланыс орнатуға қолдау көрсету. Мұндай кездесулер сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және отбасы құндылықтарын сақтауға оң ықпал етеді.
Мереке аясында мекеме қызметкерлері балаларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Жас қонақтарға түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұсынылып, мерекелік сыйлықтар табысталды.
Балалар ата-аналарымен бірге уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсерге бөленді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қылмыстық-атқару жүйесінде отбасылық құндылықтарды сақтау мен туыстық қарым-қатынасты нығайту сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің және қоғамға бейімдеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.