Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №10 мекемесінде сотталғандарға патриоттық бағыттағы фильмдер көрсетілді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №10 мекемесінде сотталғандарға патриоттық бағыттағы фильмдер көрсетілді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемесінде сотталғандармен тәрбие жұмысы шеңберінде «Томирис» және «Жау жүрек мың бала» көркем фильмдері көрсетілді.

Іс-шаралар идеологиялық, патриоттық және адамгершілік-тәрбиелік бағыттағы жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Фильмдерді көрсету сотталғандар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, тарихи мұраға құрмет сезімін арттыруға және адамгершілік тәрбиені нығайтуға бағытталды.