Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекемесінде сотталғандармен тәрбие және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекемесінде сотталғандармен тәрбие және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №57 мекемеде сотталғандармен күнделікті тәрбие және психологиялық бағыттағы жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Жасақ бастықтары мен психолог мамандар сотталғандардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелік мәні бар түсіндіру әңгімелерін және рухани-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуде.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты — сотталғандардың түзелуіне ықпал ету, оларды заңға бағынатын қоғам мүшесі ретінде қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу процесін қолдау.

Мекеме қызметкерлері мұндай іс-шаралардың сотталғандардың мінез-құлқын түзетуге және өмірлік құндылықтарын қайта қарауға оң әсер ететінін атап өтті.