Темір тордың ар жағындағы тағдырлар мен тәлім

Темір тордың ар жағындағы тағдырлар мен тәлім

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №10 мекемедегі кешкі мектепте бүгінде 40 қыз-келіншек білім алуда. Олардың алтауы – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыздар.

Қиын жағдайға тап болған нәзік жандарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен кешкі мектепте 14 мұғалім еңбек етуде. Олардың қатарында тәжірибелі ұстаздар – Кешербай Әділов, Мейіркүл Әбдымолдаева, Ақжолтай Вәлиева сынды педагогтар бар.

Ұстаздар күніне арналған концерттік бағдарламада сотталған әйелдер ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін паш етті. Қыз-келіншектердің өнеріне тәнті болған мұғалімдер қауымы оларға бостандыққа тезірек шығып, отбасыларына аман-есен оралуларына тілектестік білдірді.