
Кездесу барысында жас қызметкерлер ҚАЖД музейіне барып, қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу тарихымен, сала ардагерлерінің еңбегімен және қызметтік жолда жинақталған мол тәжірибемен танысты.
Музейде сақталған тарихи жәдігерлер жас мамандарға қылмыстық-атқару жүйесінің өткені мен бүгінін сабақтастыра отырып, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен атқарудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Тәлімгерлер жас қызметкерлерге кәсіби шеберлікті жетілдіру, қызметтік тәртіпті сақтау, заң талаптарын қатаң орындау және ұжымдық дәстүрді жалғастыру бағытында өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Тағылымды кездесу барысында қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, әріптестік қарым-қатынасты нығайту және жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мәселелеріне ерекше мән берілді.
Мұндай кездесулер жас қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан қалыптасуына ықпал етіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, қызметтік дәстүрлерді дәріптеуге және «Заң мен тәртіп» қағидатын қызмет барысында берік ұстануға бағытталған.