«Қателіктен — түсінікке: телемост жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу құралы ретінде»

«Қателіктен — түсінікке: телемост жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу құралы ретінде»

К. Жұбанов атындағы университетте студенттер мен сотталғандардың қатысуымен телемост өтті. Іс-шара жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқықтық сананы қалыптастыруға және заңға бағыну құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

Іс-шараға 600-ден астам студент қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Сотталғандар өз өмірлік оқиғаларымен бөлісіп, қылмыс жасауға итермелеген себептерді, қабылданған шешімдердің салдарын, сондай-ақ өмірлік басымдықтарын қайта қарау және заңға бағынатын өмірге оралу жолындағы тәжірибелерін баяндады.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқыққа қарсы әрекеттер үшін жеке жауапкершілік мәселелерін талқылауға және қателіктер мен ойланбай жасалған әрекеттердің қандай салдарға әкелетінін көрсететін нақты мысалдармен танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шарада сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелеріне, білім берудің маңыздылығына, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделу процесінде мемлекет пен қоғам тарапынан көрсетілетін қолдаудың рөліне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында қылмыстық мінез-құлыққа төзбеушілік қалыптастыруға, құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.