
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №8 мекемесінде сотталғандар арасында АИТВ-инфекциясы-ның алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді.
Дәріс барысында қатысушыларға вирустың берілу жолдары, алдын алу шаралары, сондай-ақ уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке денсаулықты сақтау және инфекцияның таралуының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы атап өткендей:
«АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру жауапты мінез-құлықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әр адам қауіп-қатерді түсініп, өзін және айналасындағыларды қалай қорғау керектігін білуі тиіс».
Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасында санитариялық-эпидемиологиялық сауаттылықты арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.