Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД қарасты мекемеде сотталғандардың шығармашылық әлеуметтін дамыту бағытында жұмыс жүргізілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД қарасты мекемеде сотталғандардың шығармашылық әлеуметтін дамыту бағытында жұмыс жүргізілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті №9 мекемесінде сотталғандардың шығармашылық әлеуметтін дамыту, жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта сотталғандардың өзін-өзі көрсетуіне, өмірлік бағдарларын қайта пайымдауына, заңға бағынатын мінез-құлыққа мотивация қалыптастыруына және босатылғаннан кейін қоғамға бейімделуіне ықпал ету үшін сотталғандар арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды.

Аталған байқау Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы базасында өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, ішкі толғаныстары мен өмірге деген көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізе білді.

Байқау соңында сотталғандар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай шаралардың олардың ой-өрісін кеңейтуге, өмірге деген көзқарасын өзгертуге және болашаққа сеніммен қарауына ықпал ететінін атап өтті.