
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға департаменттің әйел қызметкерлері, қызмет ардагерлері және қызметкерлердің аналары құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Іс-шара барысында қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына елеулі үлес қосып, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген әйел қызметкерлер мен ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Оларға департамент басшылығының атынан алғыс хаттар табысталып, естелік сыйлықтар ұсынылды.
Салтанатты шарада әйелдердің қоғамдағы және қызметтегі рөлі, олардың жауапты қызметті абыроймен атқарып, ұжымның дамуына қосып жүрген үлесі ерекше атап өтілді.
Мерекелік кештің сәнін қызметкерлер мен шақырылған өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарлама кіргізді. Әсем әндер мен шығармашылық қойылымдар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көктем мерекесінің ерекше атмосферасын сезіндірді.
- Мұндай игі шаралар ұжым арасындағы сыйластықты нығайтып, әйелдердің еңбегіне деген құрметті арттыруға бағытталады, - дейді әділет подполковнигі Сабржан Бибитович Нуртазин.