ҚАЖ департаментінің бастығы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін құттықтап, алғыс хаттар табыстады

ҚАЖ департаментінің бастығы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін құттықтап, алғыс хаттар табыстады

Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуда, радикалды көріністердің алдын алуда, сондай-ақ сотталғандарды қайта әлеуметтендіруде маңызды рөл атқаратыны айтылды. Қоғамдық бірлестіктермен тығыз өзара іс-қимылдың арқасында жазасын өтеуші тұлғаларды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге, әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби даярлауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қосқан елеулі үлесі және нәтижелі ынтымақтастығы үшін ҚАЖ департаментінің бастығы қоғамдық ұйымдардың басшыларына алғыс хаттар табыстады.

Кездесу соңында әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтып, азаматтық қоғамды дамыту мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға сенім білдірілді.