Полиция күніне орай жолдастық кездесу өтті

Полиция күніне орай жолдастық кездесу өтті

23 маусым — Қазақстан Республикасы Полиция күніне орай Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №9 және №8 мекемелерінің қызметкерлері арасында футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Спорттық шараға қос мекеменің бастықтары жетекшілік етіп, командаларын алаңға бастап шықты. Кездесу достық рухта өтіп, қатысушылар бір-біріне құрмет көрсетіп, командалық рух пен ынтымақты паш етті.

Іс-шараның басты мақсаты — жеке құрам арасында жағымды атмосфера қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Мұндай спорттық басқосулар қызметкерлердің бірлігін арттырып, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.