4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтөбе облысында бірқатар салтанатты және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл атаулы күн – еліміздің егемендігі мен бірлігінің басты белгісі саналатын Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметтің көрінісі.
Негізгі іс-шара Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта өтті. Салтанатты жиынға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы. Бұл рәміздер халқымыздың рухын көтеріп, ұлт ретінде ұйысуымызға ықпал етті. Әрбір азамат оларды құрметтеп, қорғауға міндетті», – деді облыс әкімі өз сөзінде.
- Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұран шырқалды. Саябақ алаңында Ақтөбе облысының құқық қорғау және арнайы органдары сап түзеп, патриоттық рухтағы шеруге қатысты. Олардың қатарында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты, - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы әділет капитаны Юсупов Ардак Тургалиевич.