18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күніне орай құрмет көрсетілді

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күніне орай құрмет көрсетілді

2025 жылғы 28 мамырда Халықаралық мұражайлар күніне орай Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде арнайы іс-шара ұйымдастырылып, ҚАЖ ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Бұл күн – ұлттың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және жас ұрпаққа жеткізу ісіне елеулі үлес қосып жүрген тұлғаларға деген ризашылық пен алғыс білдіретін ерекше мереке. Осыған орай, ҚАЖ жүйесінің дамуына зор еңбек сіңіріп, саланың тарихын сақтап, ұрпаққа өнеге боларлық істерімен танылған бірқатар ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Атап айтқанда, ҚАЖ департаменті жанынан құрылған ведомстволық мұражайдың ашылуына бастамашы болып, оның қалыптасуына белсенді атсалысқан ардагерлер ҚАЖД бастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мұражай — тек өткенді еске алу орны ғана емес, ол жас қызметкерлер үшін тәлім мен тәрбиенің, рухани сабақтастықтың орталығы. Бүгінде онда ҚАЖ саласының тарихынан, ардагерлердің қызмет жолынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер топтастырылған. Мұражай экспозицияларын жинақтау мен жүйелеу ісінде ардагерлердің үлесі орасан зор болды.

 - Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да ардагерлермен тығыз жұмыс жүргізіп, олардың өмірлік тәжірибесін жас буынға жеткізу арқылы ведомствоның рухани-тарихи әлеуетін нығайта бермек, - деді Тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы әділет подполковнигі Сабржан Бибитович Нуртазин.