
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Министрдің, министр орынбасарының номенклатурасына, сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Біліктілік талаптары:
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі;
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі;
Сұрақтар туындаған жағдайда Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесіне хабарласуға болады, анықтама телефондары: 8 (7222) 35-44-03 (Абай облысы бойынша ҚАЖД), 31-38-16 (№20 мекеме), 30-15-07 (№19 мекеме), 8 (72347) 42-4-41 (№23 мекеме), электрондық мекенжайлар a.uaisova@mvd.gov.kz, d.zhumakhanova@mvd.gov.kz, di.karabaeva@mvd.gov.kz.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті