Хабарландыру
жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 ІІМ бұйрығына сәйкес ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер «Документолог» жүйесі арқылы үлгіге сәйкес баянат және қалыптастырылған қызметтік тізімді ШҚО бойынша ҚАЖД Тәрбие және кадр жұмысы бөліміне хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ШҚО бойынша ҚАЖД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Департамент аппаратына C-SVО-4 санаты;
- мекеме бастығына C-SGU-3 санаты;
- мекеме бастығының орынбасарына C-SGU-4 санаты;
- мекемелердің бөлім бастығына C-SGU-8 санаты;
- мекемелердің бөлім бастығының орынбасарына C-SGU-10 санаты;
- мекемелердің бөлімше бастығына C-SGU-10 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда ШҚО бойынша ҚАЖД Тәрбие және кадр жұмысы бөліміне хабарласуға болады,
каб. № 100, 102, анықтама телефондары 8 (7232) 70-18-94, электрондық мекенжайлар da.zhapalov@mvd.gov.kz, me.bazylkhanova@mvd.gov.kz.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.