Министрліктің тапсырмасы бойынша Департаментте ШҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінің басшылары мен кадр бөлімшелерінің қызметкерлері үшін оқу-әдістемелік жиын өткізілді. Жиынға қатысушыларға кадр қызметінің қызметін, оның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерін тағайындау және ауыстыру, аттестаттаудан өткізу және аттестаттаудан кейінгі дамыту тәртібін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі соңғы өзгерістер жеткізілді. Сонымен қатар, жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, бос лауазымдарды толтырудың және ведомстволық оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеудің өзекті мәселелері талқыланды.