ШҚО-да ұялы телефонның кесерінен қайғылы апат орын алып, әйел адам 8 жылға сотталды.
Шығыс Қазақстан облысында әйел ұзақ мерзімге сотталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Қайғылы оқиға кеселінен екі ер адамның өмірін қиған, жол көлік апаты Семей - Өскемен тас жолында орын алды. 42 жастағы Семей қаласының тұрғыны ұялы қосымша арқылы Семей қаласынан облыс орталығына дейін жеке жеңіл көлігімен жолаушыларды тасымалдаған.
Жолаушылардың айтуынша, көлік жүргізу кезінде жүргізуші әйел әлеуметтік желіде хат алмасып, ұялы телефонмен жиі сөйлесіп, смартфонға жиі назар аударып көлік басқарған. Сонымен қатар, ол жолға назар аудармай жылдамдыққа ие бола алмай тиісті шаралар қабылдай алмаған. Ол өркөкіректік танытып, алдынан келе жатқан автогрейдерді айналып өтуге оқталған, алайда көлікке ие болмай келе жатқан Lada көлігімен соқтығысады.
Соқтықысу салдарынан келе жатқан көліктің еки жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы, соның ішінде сотталушы әр түрлі дене жарақаттарын алды.
Әйелдің айтуынша, жүргізуші куәлігін ол екі жыл бұрын айырылды, алайда екі кәмелеттік жасқа толмаған балалары болғандықтан, Семей мен Өскемен қалаларының арасында жеке көлігімен жолаушыларды тасымалдап кн көрген.
«Ұлан аудандық сотының үкімімен әйел ҚР ҚК 345 -бабының 4 -бөлігі бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады. Әйел 8 жылға бас бостандығынан айырылды және қауіпсіздігі шектеулі мекемеде жазасын өтеп жатыр. Бүгінгі таңда сотталған қоныс - колониясында өндіріс орындарының бірінде жұмыс істейді», - деді ОВ 156/16 бастығының орынбасары Дархан Биғазиев.