Абай күні: ШҚО-дағы түзету мекемесінде хакімнің өмірі жайлы қойылым көрсетілді.
Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемесінде Абай Құнанбайұлының 176 жылдығына орай хакімнің өмірі жайлы сыр шертетін қойылым көрсетілді.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінде барлық карантин талаптары сақтала отырып Абай күніне орай шара өтті. Қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінің сотталушылары «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде ұлы ақынның өмірінен сыр шертетін қойылымды сахналаған. «Бұл қойылым Абайды, оның өмірін, мұң-қайғысын көрсетіп, хакімнің ой-пайымдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Өз басым Абай Құнанбайұлының қайталанбас тұлға екеніне анық көзім жеткендей», - дейді 8 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушы. Естеріңізге сала кетсек, 10 тамыз күні Қазақстанда Абай күні аталып өтіледі. 2020 жылдың 4 тамызында осыған қатысты Үкіметтің арнайы қаулысы шыққан болатын.