"Өскемендегі бір жас жігіттің үйінен табылған қару «Ижевск» механикалық зауытында шығарылған нөмірлері бар. Маманның пікірінше,16 калибрлі бір ұңғылы, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық екен", – деді ОВ 156/20 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Жасұлан Баденов.
Аталған факт ҚР ҚК 287 бабының 3-бөлігі, яғни, «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.
