Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиын барысында департамент басшылығы жеке құрамды мемлекеттік мерекемен құттықтап, қызметкерлердің қызметтік борышқа адалдығын, жоғары кәсібилігін және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.
Міндеттерін адал атқарып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге кезекті арнайы атақтар, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – отыздан астам жас қызметкердің Ант қабылдап, құқық қорғау органдарының қатарына ресми түрде қосылуы болды.
Салтанатты жиын соңында қатысушыларға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір және ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тілінді.