Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД жеке құрамы жазғы киім үлгісіне көшті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД жеке құрамы жазғы киім үлгісіне көшті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД жеке құрамы жазғы киім үлгісіне көшті

Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен мекемелерінің қызметкерлері жазғы киім үлгісіне көшті.
Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ғазиз Дәулетов Департаменттің кадр қызметінің қызметкерлерімен жеке құрамға саптық тексеру жүргізіп, жазғы кезеңде өз ұжымдарының қызметке дайындығын тексерді. Саптық тексеру кезінде нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етілуіне, белгіленген киім нысанын кию ережелерінің сақталуына, қажетті құжаттардың, жеке жетондардың, төсбелгілердің болуына тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша басшылық Департаменттің және ведомстволық бағынысты мекемелердің жеке құрамы жазғы кезеңде қызметке дайын екенін атап өтті.