ТОР АРТЫНДАҒЫ СҰЛУЛЫҚ: ӨСКЕМЕНДЕ СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ШЕБЕРЛЕРІ СОТТАЛҒАН ӘЙЕЛДЕРГЕ МАМАНДЫҚ ҮЙРЕТУДЕ
Тор артындағы сұлулық. Шығыс Қазақстандағы қоныс-колонияда жазасын өтеп жатқан әйелдерге жаңа мамандық алуға мүмкіндік туды. Ерекше шеберлік сыныбы сотталған әйелдердің бірінің өтінішінен басталды. Ол еңбек демалысында қызының бітіру кешіне баруы керек еді. Әсел өте әдемі көрінгісі келді. Әйелге көмектесу идеясына көп жылдық тәжірибесі бар сұлулық индустриясының тәжірибелі шебері үн қатты. Әйелдердің айтуынша, бұл сиқырлы өзгеріс болды, кейін сотталғандар сабақ беруді сұраған кезде, оқыту курстарын өткізу туралы шешім қабылданды.
ӘСЕЛ, ҚР ІІМ ҚАЖК №24 МЕКЕМЕСІНІҢ СОТТАЛҒАНЫ: Мен қызымды осынша уақыт көрмедім, ал бүгін мен әдемі болып бітіру кешіне барамын және менің 5 күндік еңбек демалысым балаларыммен бірге болып, олармен өте жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік береді, әкімшілікке өте ризамын, көп рахмет.
Бүгінгі таңда бұл мекемеде 20-дан астам әйел жазасын өтеуде. Мұндай сабақтар өмірлік қажеттілік, дейді колония қызметкерлері. Олар сотталғандарға қосымша мамандық алуға және жаза мерзімі аяқталғаннан кейін еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.
- Әрине, біздің идеямызды сұлулық индустриясының шеберлері қолдағанына қуаныштымыз. Қарбалас жұмыс кестесіне қарамастан, олар келіп, кәсіптің негіздерін көрсетті, сотталғандардың өздері модель болды. Әрине, бір ретте кәсіпті меңгеру мүмкін емес, бірақ біз курстардың жалғасын табады деп үміттенеміз. Түзету мекемелеріндегі мұндай шеберлік сыныптары, әсіресе әйелдер жазасын өтейтін жерлерде, олар ең алдымен оңалту, өзіне сенуге мүмкіндік беру және сұранысқа ие мамандықтың дағдыларын беру тұрғысынан маңызды рөл атқарады, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД инспекторы Зульфира Құсайынова.