Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

Мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

БҚО бойынша ҚАЖД бастығы номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ТжКЖТ департаментіне үлгіге сәйкес баянат «EPS»  «kadry.kuiszko@mvd.gov.kz» жүйесі арқылы  береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

  1. басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).

 

БҚО бойынша ҚАЖД бастығы номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

- Мекеме бастығының орынбасары –C-SGU-4  және  C-SGU-6 санаты;

- бөлім бастығы - C-SGU-8 санаты;

- бөлімшесінің бастығы –C-SGU-10 санаты  ;

- бөлімшесі бастығының орынбасары  - C-SGU-10 санаты  ;

- пробация қызметінің  бөлім бастығы - C-SVR-4 санаты;

- пробация қызметінің  бөлімшесінің  бастығы - C-SVR-5 санаты;

- Орал қалалық пробация қызметінің бөлімі бастығының орынбасары- C-

SVR-5 санаты;

 

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар, оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда ТжКЖ тобына хабарласуға болады,

каб. № 8/1, анықтама телефондары 8 (7112)26-56-18, электрондық мекен-жайлар kadry.kuiszko@mvd.gov.kz

 

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.