Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Академияға қабылдауды жариялайды!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Академияға қабылдауды жариялайды!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру желісі бойынша құқық қорғау органдары үшін мамандар даярлау жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында магистратура мен докторантураға түсу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау 2025 жылғы 1 сәуірден 22 шілдеге дейінгі кезеңде жүзеге асырылатын болады.

Келесі білім беру бағдарламалары бойынша:

- «Құқықтану»: магистратура (ғылыми-педагогикалық) және докторантура (ғылыми-педагогикалық);  

- «Құқық қорғау қызметі»: магистратура (ғылыми-педагогикалық; бейіндік; оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша), докторантура (ғылыми-педагогикалық; бейіндік; оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша).

 Құжаттарды қабылдау «ЭҚАБЖ» АЖ арқылы сканерленген нұсқада (құжаттардың түпнұсқаларын түсу емтихандарын тапсырар алдында тікелей ұсыну қажет), сондай-ақ қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырылады.  

2025 жылғы 27 наурызда сағат 11-де ZOOM платформасында «Виртуалды Ашық есік күнін» өткізу жоспарлануда, академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары, оқу және қабылдау шарттары туралы білуге болады.

Оқуға түсу тәртібі мен шарттары туралы, сондай-ақ «Виртуалды Ашық есік күніне»  тіркелу үшін сілтеме туралы толық ақпаратты Академияның сайтынан білуге болады  www.academy-gp.kz және academy_gp.kz инстаграмда.