Бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды

Бәйтерек ауданы бойынша 10 (он) айдың қорытындысы бойынша қылмыстық жазасын өтеп келгендерге және  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды одан бөлек алимент бойынша борышкерлерге жұмысқа орналастыру бойынша Бәйтерек ауданының мансап орталығы мен Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресуртық орталығының ұйымдастыруымен және Бәйтерек ауданы прокуратурасының, Бәйтерек ауданының полиция бөлімінің, БҚО бойынша ҚАЖД-нің N 1, N 2 Бәйтерек аудандық пробация қызметкерлерінің және жеке сот орындаушылардың қатысуымен ағымдағы жылы 4 (төрт) рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды.

Жыл басынан бастап аудандық мансап ораталығына 
34 адам жолыққан болса, соның ішінен:

  • әлеуметтік жұмыс орнына 1 адам жолданды;
  • тұрақты жұмысқа 17 адам жолданды;
  • ақылы қоғамдық жұмысқа 7 адам жолданды;
  • «бастау бизнес» жобасы бойынша 5 адам сертификат алды;
  • 1 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы.

2024 жылға белгіленген квота толығымен орындалып, аталған санаттаға тұлғаларымыз жұмысқа орналастырылды.

       Жоғарыда аталған іс-шаралардың мақсаты аудан аумағындағы жұмыс берушілермен кездестіріп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, тұрақты жұмысқа орналастыру, қоғамдық ортаға бейімдеу және қайта қылмыс жасамау үшін.

 Осындай шаралар алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.