Тасқала ауданында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Тасқала ауданында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Тасқала ауданында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Ауданда қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеп шыққан азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органның ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Әли Сағдатұлы ашып, оған аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшылығы, пробация қызметінің өкілдері және бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Кездесу барысында қылмыстық жазаларды орындау жүйесіне қолдау көрсету, пробация есебінде тұрған және жазасын өтеген азаматтарды әлеуметтік бейімдеу бағытында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік-құқықтық көмек туралы баяндалды. Іс-шара аясында қатысушылар арасында шахмат пен дойбыдан жарыс ұйымдастырылып, психологиялық семинар-тренинг өткізілді.
Белсенді қатысушыларға медальдар мен естелік сыйлықтар табысталып, шара көтеріңкі көңіл күйде қорытындыланды.
Мұндай іс-шаралар пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеуге, олардың әлеуметтік қолдау алуына және мемлекеттік органдардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.