Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың құқық бұзушылық жасауына жол бермеудің алдын алу

Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың құқық бұзушылық жасауына жол бермеудің алдын алу

Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың құқық бұзушылық жасауына жол бермеудің алдын алу мақсатында аудандық сотта сот отырысы өткізілді.

Сот отырысында «М» есімді сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысы қаралып, аудандық соттың қаулысымен қанағаттандырылды. Нәтижесінде сотталғанға жазаның өтелмеген бөлігі 2 жыл 2 ай 6 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Жаза өтеу барысында сотталған бірнеше рет жазаны өтеу тәртібін өрескел бұзып, сот жүктеген міндеттерді орындамаған. Атап айтқанда, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тексерулер кезінде үйінде болмаған, сондай-ақ пробация қызметін алдын ала хабардар етпестен тұрғылықты мекенжайын өзгерткен.

Аталған сот отырысының негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған сотталғандарға заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндіру, олардың қайта құқық бұзушылық жасауының алдын алу және жаза өтеу тәртібін бұзудың құқықтық салдарын ескерту болып табылады.