- 2026 жылғы 1 шілдеде Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот жүктеген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сот отырысы өтті.
- Сот отырысы барысында сотталған «А»-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысы қаралды.
- Бөрлі аудандық сотының қаулысымен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 3 ай 22 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
- Жазаны өтеу кезеңінде сотталған бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол беріп, сот жүктеген міндеттерді орындамаған. Атап айтқанда:
– түнгі тексерулер кезінде бірнеше рет тұрғылықты мекенжайында болмаған;
– электрондық бақылау құралын қолданудан бас тартып, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған;
– Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
- Іс-шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ сот белгілеген талаптар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. #заңментәртіп #законипорядок