арнайы контингентпен жұмыс

арнайы контингентпен жұмыс

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде сотталғандар мен тергеу изоляторында қамауда отырған адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

 

Іс-шаралар «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, сондай-ақ республикалық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістердің қолданысқа енгізілуіне байланысты ұйымдастырылды.

 

Кездесулер барысында қатысушыларға адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттары, конституциялық нормаларды іске асырудағы мемлекеттік органдардың рөлі, Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау жауапкершілігі, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы әрбір азаматтың маңызы жан-жақты түсіндірілді.

 

Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арнайы контингенттің құқықтық санасын арттыруға, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына құрметпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.