
Сайыс барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына қатысты түрлі танымдық және логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен зеректіктерін көрсетті. Қызықты кезеңдерге толы болған бұл сайыс қатысушылардың белсенділігімен, тапқырлығымен және ұйымшылдығымен ерекшеленді.
Сонымен қатар «Ел рәміздері – елдігіміздің айғағы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге рәміздер тарихы, олардың авторлары, маңызы мен қалыптасу жолы туралы құнды әдебиеттер қойылды. Көрме келушілерге рухани тағылым беріп, тарихи танымын кеңейтуге мүмкіндік жасады.
Аталған іс-шараға Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Отбасын қолдау орталығы, Бөрлі ауданы демалыс орталығына қарасты «Достық үйі», сондай-ақ Пробация есебінде тұрған сотталған азамат азаматшалар қатысып, өзара тәжірибе алмасып, белсенділік танытты.
Мұндай іс-шаралар ел рәміздерінің қадір-қасиетін ұғындырумен қатар, қоғамда патриоттық рухты нығайтып, ел бірлігін дәріптеуге зор үлес қосады.