Ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт күні

2026 жылдың Наурызнама аясында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде “Ұлттық спорт күніне” орай спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Шара “Динамо” спорт базасында ұйымдастырылып, департаментке бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыс бағдарламасына садақ ату, асық ату, арқан тартыс, гір кқтеру және қол күрес сияқты ұлттық ойындар енгізілді. Қатысушылар ептілік, күш және шапшаңдықтарын көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін танытты.

Жүлделі бірінші орын және департаменттің ауыспалы кубогінің иегері #27 мекеменің құрамы иеленді! Одан бөлек барлық қатысушылар марапатталып, шағын сыйлықтар табысталды.

Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұжымдық бірлікті нығайту.
#Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы