2026 жылғы 16 ақпанда Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №74 мекемесінде «ДОПИНГ» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тінту шаралары өткізілді.
Іс-шараға мекеменің жедел бөлім қызметкерлері, БҚО ПД УПН қызметкерлері, сондай-ақ кинологиялық қызмет мамандары қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – мекеме аумағына тыйым салынған заттардың заңсыз жеткізілуінің алдын алу, олардың айналымын болдырмау және ықтимал жеткізу арналарының жолын кесу.
Айта кету керек, мұндай профилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіліп, мекемедегі қауіпсіздік пен белгіленген режим талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.