
Бокейорда ауданындық пробация қызметінде «Цифрлық пробация» қосымшасын енгізу басталды.
Аталған қосымша пробация инспекторларының жұмысын жеңілдетуге және есепте тұрған азаматтармен өзара байланысты оңтайландыруға бағытталған. Қосымша арқылы сотталғандарды тіркеу, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу анағұрлым ыңғайлы бола түседі.
Сонымен қатар, бұл жаңашылдық есепте тұрған азаматтар үшін де өте қолайлы. Алдағы уақытта олар қызметке арнайы келмей-ақ, үй жағдайында онлайн форматта белгілену мүмкіндігіне ие болады.
«Цифрлық пробация» – мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, ашықтықты арттыру және жұмыс үдерістерін тиімді ету бағытындағы маңызды қадам.
Заманауи цифрлық шешімдер – тиімді әрі қолжетімді қызмет кепілі.
Жұмыс жалғасуда.