
Іс-шара аясында сотталғандармен телемост ұйымдастырылып, олар оқушыларға құқыққа қарсы әрекеттердің салдары және заңды сақтау маңызды екендігі туралы айтып берді. Оқушыларға заңнаманың нормалары мен қылмыс жасаған жағдайда жауапкершілік түсіндірілді, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері көрсетілді.
Осы іс-шара жасөспірімдерде құқықтық мәдениет қалыптастыруға, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және болашаққа саналы қарауға ықпал етті.