Қызметкерлердің балалары Жаңа жыл қарсаңында Аяз атаны өз өнерлерімен құттықтап, нағыз шығармашылық мереке сыйлады.
Іс-шара барысында балалар өздерінің таланттарын паш етті. Кейбірі фортепианода әсем әуен орындаса, енді бірі қобыздың қоңыр үнімен көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар балалар жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән айтып, би билеп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Әрбір өнер көрсеткен бала ерекше қолдауға ие болды. Аяз ата балалардың еңбегін жоғары бағалап, оларға арнайы сыйлықтар табыстады. Бұл балалар үшін үлкен қуаныш пен мотивация болды.
Аталған шара балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіне деген сенімділігін арттыруға және ұжым ішіндегі бірлікті нығайтуға зор үлес қосты. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты көңіл күйі мерекенің басты сәніне айналды.
Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жас ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра беретініне сенім мол.