
31 желтоқсан күні Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Сағындық Утешқалиев № 28 мекемесінде қызмет атқарудың ұйымдастырылуын тексерді.
Тексеру барысында қызметтік тәртіпті сақтау, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мерекелік күндері жеке құрамның қызметтік міндеттерді орындауға дайындығы, сондай-ақ № 28 мекемесінің қарауылындағы мерзімді әскери қызметшілердің қызмет атқару жағдайлары назарға алынды.
Тексеру қорытындысы бойынша Сағындық Утешқалиев мекеменің жеке құрамын және қарауылдағы мерзімді әскери қызметшілерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, адал әрі жауапты қызметі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, амандық және қызметтеріне табыс тіледі.