Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде облыстың қылмыстық – атқару жүйесінің ер азамат қызметкерлері арасында жеті қырлы, бір сырлы, ең мықтылар жинаған «Жігіт Сұлтаны – 2025» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс облыстық филармония сахнасында салтанатты түрде өтті.
Іс-шараға ҚАЖД барлық бөлімшесінің қызметкерлері қатысты. Байқау погон киген ер азаматтардың тек тәртіп пен қызметтік борыш қана емес, сонымен қатар интеллект, харизма, шығармашылық өнерлері және адалдық екендігінің нақты көрінісі болды.
Іс-шара бағдарламасы бес кезеңнен тұрды:
Әр қатысушы өз-өздерін таныстру - қызметтік миссия мен жеке жетістіктерге баса назар аудара отырып, өздері туралы, өз кәсібі, хоббиі мен өмірлік принциптері туралы айтты.
Ату қабілеттіліктері - қатысушылар өздерінің мылтықтың дәлдігі мен сенімді шеберлігін көрсетті.
Зияткерлік конкурс - заңнама бойынша білімдерін тексеру: «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңы, «Ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңы және басқа да нормативтік актілер. Әр қатысушы қызметкер логикалық міндеттер мен құқықтық мәселелерді тамаша орындады.
Шығармашылық кезең - вокалдық және би нөмірлері, өлең оқу, көріністер, музыкалық аспаптарда ойнау. Зал қатысушылардың жарқын және эмоционалды көріністеріне қатты қуанды.
Барлық қатысушылар сахнада ұйымшылдық, күш пен шабыт атмосферасын құра отырып, бір соңғы нөмірге жиналды, кеш соңында қызметкерлеріміз бірігіп хормен ән шырқады..
Қорытындылай келе,
Байқау тек мерекелік іс-шара ғана емес, сонымен қатар жазаны орындау жүйесіндегі қызметкерлердің еңбегіне деген құрмет үлгісі болды. Ол қатаң форманың артында өз кәсібіне және Отанына берілген күшті, ақылды, талантты және жарқын тұлғалар жатқанын көрсетті.
«Жігіт Сұтаны – 2025» титулының иегері - әділет аға лейтенанты Темрлан Есболатұлы Муталиев Батыс-Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №27 мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі, құқық қорғау органдарында 2013 жылдан қызмет атқарып келеді.
«Өнерпаз жігіт» номинация иегері әділет аға лейтенанты Утегенов Максат Муратович №28 мекемесінде жасақ бастығы лауазымында. Құқық қорғау органдарында 2022 жылдан қызмет атқарып келеді.
«Шымыр спортшы» номинация иегері әділет аға лейтенанты Бақсик Елжас Бауыржанұлы №27 мекеменің жедел бөлімінің. құқық қорғау органдарында 2013 жылдан қызмет атқарып келеді. Жеті қырлы бір сырлы жігіттердің бірі, қазақтың киелі аспабы домбыра тарту өнері де бар. Көп балалы әке, бос уақытын жан ұясына арнайды.
«Ойшыл ұтқыр» номинация иегері әділет сержанты Суглов Виктор Николаевич №74 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы. Көп жылдар бойы кинолог маманы болып жұмыс жасады. құқық қорғау органдарында 2016 жылдан қызмет атқарып келеді.
«Үздік мерген» номинация иегері әділет капитаны Темиргалиев Арыстан Казизович Теректі аудандық Пробация қызметінде еңбек етіп, құқық қорғау органдарында 2018 жылдан қызмет атқарып келеді. Балық аулаумен айналысады.
«Дарынды жігіт» номинация иегері әділет кіші сержанты Асхат Сағымбайұлы Серік №74 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы. Әр түрлі спорт түрлерімен айналысып демалыс уақытын пайдалы өткізеді.
«Сымбатты жігіт» номинация иегері әділет лейтенанты Жеңіс Манас Сансызбайұлы №28 мекемесінде сотталдғандардың еңбегін ұйымдастыру тобында инспектор лауазымын атқаруда. Жан жақты дамып келе жатырған жас маманымыз. Спортқа және өнерге жақын жан.