"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының №210-VIII ҚРЗ заңын қолдану

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының №210-VIII ҚРЗ заңын қолдану

2025 жылғы 10 қарашада Бәйтерек ауданының сот залында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының №210-VIII ҚРЗ заңын қолдану туралы "Б"сотталғанға қатысты сот процесі өтті. Бәйтерек ауданының №1 ПҚ есебінде тұрған "Б" сотталған ҚР ҚК 339-бабы 5-тармағының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін 5 (бес) жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 (үш) жыл бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ  материалдық залалды өтеу міндеті жүктелді 5 175 000 теңге, мемлекеттік баж 155 250 теңге мөлшерінде, бұрын сотталған «Б» ға 2025 жылғы 16 шілдедегі №210-VIII ҚР Заңының күші қолданылатыны туралы хабарланды.

"Б" сотталған ҚР ҚК 6-бабын басшылыққа ала отырып, мемлекет кірісіне материалдық залалды өтеуді тоқтата отырып, ҚР ҚК 339-бабы 5-тармағының 2-бөлігі 339-1 бабы 5-тармағы 3-бөлігі бойынша жасаған іс-әрекетін қайта даярлау туралы өтінішпен Бәйтерек ауданының сотына жүгінді. Бәйтерек ауданы сотының қаулысымен сотталған  "Б" өтінішхаты толық көлемде қанағаттандырылды: ол жасаған іс-әрекет қайта біліктілендірілді, мемлекет кірісіне материалдық залалды өтеу міндеті тоқтатылды, негізгі жаза мерзімі қысқартылды, сондай-ақ қосымша жаза мерзімі қысқартылды.