Батыс Қазақстан облысының әкімі облыс прокурорымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін аралады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі облыс прокурорымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін аралады.

           Сапар барысында сотталғандардың ұсталуының жағдайы, медициналық қызметтің жұмысы, санитарлық талаптардың сақталуы және еңбекпен қамтылу мәселелері қаралды.

          Адам құқықтарының сақталуына, мекемелер қызметінің қауіпсіздігі мен ашықтығына ерекше назар аударылды. Жергілікті атқарушы органдардың басқармалар басшыларына тұрмыстық жағдайды жақсарту, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру және жазасын өтеушілердің әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету бойынша бір қатар тапсырмалар берілді.