84 + кг салмақ дәрежесінде Қазақстанның атынан халықаралық аренада өнер көрсеткен Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің бас маманы әділет майоры Ольга Владимировна Джумашева лайықты жеңіске жеттіп жүлделі 1 орын алды.
Отанына оралғаннан кейін спортшыны қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әріптестері мен қызметкерлері, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.
Ольга осы спорт түрімен бес жылдай айналысып келеді және осы уақыт ішінде халықаралық жарыстарда аймақ пен елді дәріптей отырып, бірнеше рет жоғары нәтижелер көрсетті.