2025 жылғы 20 қазанда Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Ана тілім – АЙБЫНЫМ!» атты облыстық байқау өткізілді.
Байқауға 9 үміткер жолдама алғанымен, денсаулық жағдайына байланысты 2 қатысушы қатыса алмады. Дегенмен, қалған 7 үміткер үш кезең бойынша сынға түсіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Кезеңдер:
Аталған шарада №74 мекеме атынан қатысқан режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержант Серік Асхат Сағынбайұлы жүлделі III орын иеленіп, ұжым абыройын асқақтатты.
Мұндай байқаулар – күштік құрылым қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды құралы болып табылады.