Қария – елдің қазынасы

Қария – елдің қазынасы

Қазақ халқы үлкенге құрмет көрсетіп, қариясын қазынаға балаған халық. «Қариясы бар үй – қазынасы бар үй» деп тегін айтпаған. Қария – өткеннің куәсі, бүгіннің тәрбиешісі, ертеңгі ұрпаққа жол көрсететін шырақшы.

Қариялардың жүріп өткен жолы – ұрпаққа үлгі, сабыры – тәрбие, сөзі – өсиет. Олар өмірлік тәжірибесі арқылы жас буынға бағыт-бағдар береді. Әсіресе, тәуелсіздікке дейінгі ауыр кезеңдерді бастан өткеріп, ел үшін еңбек еткен аталарымыздың, аналарымыздың орны – бөлек. Олардың айтқан әрбір сөзі – тұнып тұрған тәрбие.

Бүгінгі заманда да үлкенді сыйлау – ұлттың бойындағы асыл қасиет болып қала беруі тиіс. Себебі адам баласы ата-әжесінен мейірім көріп, тәлім алған кезде ғана рухани жағынан толық тұлға болып қалыптасады.

1 қазан - Қарттар күні қарсаңында Бөрлі аудандық пробация қызметінің қызметкерлері ауданның құрметті азаматына барып, осы мейраммен құттықтап қайтқан болатын.   

Қарияларымыз – ұлттың тірегі. Оларға құрмет көрсету – біздің парызымыз. Қарияға қарап бала өседі, ұрпақ қалыптасады. Сондықтан әр отбасыда, әр қоғамда үлкенге ізет, кішіне құрмет болуы – мәңгілік құндылық.