Осыған орай, Орал қалалық сотында Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты 74,27,28 мекемелер мен прокуратураның өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында ҚР ҚК-нің 74-бабын іс жүзінде қолдану мәселелері және жазаны өтеуді кейінге қалдыруға құқығы бар тұлғаларды барынша қамтуды қамтамасыз ету бойынша сұрақ кеңінен қаралды.
Мұндай шаралар құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің жұмысын жетілдіруге, сонымен қатар, сотталған азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.