№28 мекемесінде «Логика қайда?» атты зияткерлік ойын өтті

№28 мекемесінде «Логика қайда?» атты зияткерлік ойын өтті

№28 мекемесінде тәрбие бөлімі ұйымдастырған қызықты «Логика қайда?» атты зияткерлік ойын өткізілді. Ойын үлкен экран мен проектор арқылы көрсетіліп, қатысушыларға тележобадағыдай ерекше атмосфера сыйлады! 🎥🧠

 

👥 Қатысушылар 4 кезең бойынша өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды:

1️⃣ Логикалық сұрақтар

2️⃣ Ұқсастығын тап

3️⃣ Фразеологизмдер

4️⃣ Қосымша тур – түрлі қызықты тапсырмалар

 

Әр кезең логикалық ойлау, байқағыштық пен командалық жұмысты талап етті. 💬🤝

 

🎯 Мұндай ойындар ой-өрісті кеңейтеді, бір-бірімен тіл табысуға, командада жұмыс істеуге және креативті ойлауға көмектеседі.

 

📌 Зияткерлік ойындар №28 мекемесінде тұрақты түрде өткізілетін болады!