
Бүгінгі күні №27 мекемесінде 95 сотталған, соның ішінде әлеуметтік осал санаттағы яғни, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар сотталушылар рақымшылық Заңын қолдануға жатады.
Бүгін 23 шілдеде Орал қалалық соты ауырлығы онша ауыр емес және орташа қылмыс жасаған 2 сотталғанға қатысты босатылуға тиіс сот шешімін шығарды. Бұл сотталғандар ҚР Президентінің рақымшылық жасау туралы заңын жүзеге асыру аясында бірінші болып № 27 мекемесінен босатылып жатырған тұлғалар. Алдағы уақытта рақымшылыққа жататын басқа тұлғаларға қатысты сот шешімдері негізінде босату жалғасады.
Жалпы, рақымшылық жазаны жеңілдетуге және одан босатуға бағытталған және әрбір сотталғанға түзелуге мүмкін береді. Бостандыққа шыққандарға жаңа өмірге бейімделуге көмек көрсетіледі.