Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне іссапармен сапармен келді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне іссапармен сапармен келді.

2025 жылғы 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №28 мекемесіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ермекұлы Ластаев іс сапармен келді.

 

Сапардың негізгі мақсаты сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды ұстау жағдайларына мониторинг жүргізу болды. Сапар аясында Артур Ермекұлы мекеме әкімшілігі мен бақылау комиссиясының өкілдерімен бірлесіп сотталғандарды жеке мәселелері бойынша, оның ішінде қатаң жағдайларда және отряд үй-жайларында ұсталатын сотталғандарды қабылдауды өткізді.

 

Сапар барысында сотталғандардың құқықтарына, ұстау шарттарына, медициналық қамтамасыз етуге қатысты заңнаманы сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтініш жасауға және өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сотталғандар өздерін толғандыратын  мәселелермен уәкілге жеке өзі жүгінуге мүмкіндік алды.