Таза Қазақстан: тазалық пен тәртіпке жауапкершілік

Таза Қазақстан: тазалық пен тәртіпке жауапкершілік

«Таза Қазақстан» акциясын қолдау аясында №27 мекемесінің қызметкерлері сенбілікке қатысты. Іс-шара еңбекке деген жігер мен ұйымшылдық рухында өтті.

Жеке құрам әкімшілік ғимараттың айналасын қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеу және құрғақ бұтақтарды кесу жұмыстарын жүргізді.

Мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелейді және өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болады.